Ауа райы
Астана -10 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 375.87
EUR 406.24
RUB 5.84
CNY 53.45

«Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы сайланды

2019 жылдың 21 маусым 2019 15:58

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін «Nur Otan» партиясының Нұр-Сұлтан қалалық филиалының кезектен тыс ХХХ конференциясы өтті. Күн тәртібіне қойылған бірінші мәселе бойынша «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысының жарлығымен таяуда елорда әкімі болып тағайындалған Алтай Көлгінов туралы қысқаша мәлімет беріп, оның кандидатурасын елордалық филиалдың төрағасы ретінде ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Елорда Инфо сайтына сілтеме жасап.

«Алтай Сейдірұлы «Болашақ» бағдарламасының түлегі. Бұған дейін Батыс Қазақстан облысының әкімі ретінде өңірдің өсіп-өркендеуіне үлкен үлес қосты. Президент Әкімшілігінде де жауапты қызметтер атқарып, шебер ұйымдастырушылық қабілетімен танылған. Сондықтан жаңа қызметте те биіктен көрінетініне кәміл сенеміз және табыс тілейміз», - деді М.Әшімбаев.

Конференцияға қатысқан 80 делегат аталмыш ұсынысқа бірауыздан қолдау білдірді.

Өз кезегінде Алтай Көлгінов әріптестеріне сенім білдіргені үшін ризашылығын білдіріп, елордалық филиалдың алдында тұрған мақсаттар жөнінде айтты.

Ол «Nur Otan» партиясының ХVIII сьезінде Елбасының тапсырмасымен айқындалған «Әл-ауқат қоғамы: онжылдықтың 10 мақсаты» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан «Халыққа көмек», «Бақытты отбасы» жобалары бойынша елорда аумағында қолға алынған жұмыстарға тоқталып, осы бағыттағы жұмыстарды бірлесіп жүргізу қажеттілігін баса айтты.

Конференция барысында қаланың басқа да белсенді азаматтары сөз сөйлеп, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша өз ойларын ортаға салып, пікір бөлісті.

Жоғары қарай