Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 388.70
EUR 428.70
RUB 6.08
CNY 55.46

«Nur Otan» жалған ақпарат таратқаны үшін бірнеше азаматты сотқа берді

2019 жылдың 25 қыркүйек 2019 12:45

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Nur Otan» жалған ақпарат таратқаны үшін С.Закиров, М.Тұрымбетов және А.Ильяшев есімді азаматтардың үстінен сотқа арыз берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі партия баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін жауапкерлер партия құруға кедергі келтірді деген желеумен бірнеше рет «Nur Otan» партиясының үстінен сотқа шағымданған. Партияға тағылған бұл айыптау әлеуметтік желілер мен БАҚ-та да кеңінен тараған.

«Саяси партиялар туралы» Заңның 10-бабы 1-тармағына сәйкес, саяси партияны мемлекеттік тіркеуді ҚР Әділет министрлігі ғана жүзеге асырады. Демек, «Nur Otan» партиясы басқа партияларды тіркеу ісіне қатыса алмайды. Оның үстіне, бұл мәселе бойынша біреуге кедергі келтіретіндей мүмкіндігі де жоқ. Сондықтан «Nur Otan» партиясы бұл әрекетті қоғамдық бірлестіктің беделіне нұқсан келтіру үшін жасалған деп есептейді. Соған байланысты «Nur Otan» партиясы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 143-бабына сәйкес тиісті талаппен Алматы қаласының Жетісу аудандық сотына жүгінді», - делінген таратылған ақпаратта.

Жоғары қарай