Ауа райы
Астана -23 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 387.16
EUR 428.47
RUB 6.08
CNY 55.13

Нұр-Сұлтан әуежайының коды 2020 жылғы қаңтарда өзгереді

2019 жылдың 17 қазан 2019 10:48

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Нұр-Сұлтан әуежайының коды қашан өзгеретінін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазір әуежайдың үш әріптен тұратын кодын өзгерту бойынша жоспарлы жұмыс жүріп жатыр.

«Биыл 14 қазан күні Варшавада (Польша) IATA Жолаушы тасымалдау стандарттары жөніндегі жиналысы (Passenger Standards Meeting) отырыс өткізді. Оған IATA-ның барлық мүшесі қатысты. Шарада Қазақстанның IATA-ның №763 Қарарына өзгертулер енгізу жөніндегі бастамасы қолдау тапты. Бұл Нұр-Сұлтан әуежайының үш әріптен тұратын кодын (TSE) өзгертуге мүмкіндік береді», - делінген хабарламада.

Қазір астана әуежайының жаңа кодына бірнеше нұсқа ұсынылған. Соңғы нұсқа талқыланып жатыр.

763-қарарға өзгерту енгізу біраз уақытты қажет етеді. Министрліктің мәлімдеуінше, өзгерістер 2020 жылдың қаңтарында күшіне енуі қажет. Содан кейін IATA кодтың соңғы нұсқасын бекітеді.

Жоғары қарай