Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Нұр-Сұлтан қаласында бейбіт митинг өтіп жатыр

2019 жылдың 30 маусым 2019 12:23

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласында Пушкин және Шәкәрім көшелерінің қиылысындағы паркте рұқсат етілген бейбіт митинг өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Митингтің заңға сай өтуін полиция қызметкерлері қадағалайды. Сонымен қатар, медицина қызметкерлері де осында жүр.

Ал бейбіт шараға келген азаматтар негізінен әртүрлі мәселелерді айтуда. Мысалы, олардың бірі көпбалалы аналар мәселесін қозғаса, екіншісі Атом электр стансасының құрылысына қарсы. Үшіншісі сыбайлас жемқорлыққа қатысты пікірлер айтуда. Сөйлеушілерге негізінен 3-4 минут уақыт берілген.

Жалпы митинг заң шеңберінде өтіп жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласында бейбіт митинг өтуге рұқсат берілгені туралы жазған едік.

Автор Қанат Мәметқазыұлы
Басты сөздер: Қоғам, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай