Ауа райы
Астана -21 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 383.95
EUR 429.26
RUB 6.16
CNY 55.02

Нұр-Сұлтан қаласында жер үй өртеніп, екі бала зардап шекті

2019 жылдың 11 қараша 2019 20:53

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Астанада тұрғын үй өртеніп, екі бала зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметовке сілтеме жасап.

«Сағат 18.06-да Нұр-Сұлтан қаласының «101» пультіне Алматы ауданының Яблочная көшесінде орналасқан жекеменшік тұрғын үйден өрт шыққаны хабарланды. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар үйдің шатыры жалындап жанып жатқанын анықтады. Тілсіз жаудың таралуы сағат 18:36-да тоқтатылып, 18:46-да толығымен сөндірілді. Жалын шарпыған аумақ 70 шаршы метрді құрады. Оқиға салдарынан 2016 және 2019 жылдары туған балалар орта және жеңіл дәрежеде көмірқышқыл газына уланған. Сондай-ақ 2019 жылғы баланың бетін күйік шалған (7%). Өрттің шығу себебі анықталуда», - деді ресми өкіл.

Балалар №2 қалалық балалар ауруханасына жеткізілді.

Жалынды ауыздықтауға елордалық Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 25 адам мен 4 техника жұмылдырылды.




Жоғары қарай