Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы -8 °С
валюта бағамы
USD 377.86
EUR 418.74
RUB 6.10
CNY 54.50

Нұр-Сұлтан-Қарағанды жолында көлік қозғалысы шектелді

2019 жылдың 5 желтоқсан 2019 01:20

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан мен Қарағанды арасындағы жолда көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық ТЖД-ға сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, 5 желтоқсанда синоптиктердің болжауынша, тұман түсіп, көктайғақ болады.

«4 желтоқсанда сағат 23:40-та ауа райының қолайсыздығына байланысты (көктайғақ) Нұр-Сұлтан-Қарағанды жолында қоғамдық және жүк көліктерінің жүрісі шектелді», делінген хабарламада.

Жоғары қарай