Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 386.30
EUR 428.14
RUB 6.08
CNY 54.87

Нұр-Сұлтан көшелерін су басу проблемасымен жаңа мекеме айналысады

2019 жылдың 21 қараша 2019 10:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жыл сайын елорда көшелерін еріген қар мен жауын-шашынның суы басып қалады. Ендігі уақытта аталған мәселені шешумен жаңадан құрылған мекеме айналысатын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Елорда Инфо сайтына сілтеме жасап.

«Біздің басқарма қаланы жылу, жарық және сумен қамтамасыз ету жұмыстарымен айналысады. Бізге жүктелген жаңа міндет – елорданы газбен қамтамасыз ету. Бұған дейін хабарлағанымыздай, келесі жылдан бастап астаналықтар газ пайдалана бастайды. Басқарманың алдына қойылған негізгі тапсырмалардың бірі – неше жылғы проблемаға айналған көктем-күз мезгілінде қала көшелерін су басу проблемасы. Бұл мақсатта осы мәселемен айналысатын арнайы мекеме құратын боламыз. Айта кету керек, Қазақстанның басқа қалаларында ондай мекеме жоқ. Ол шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын болады. Қала бойынша бір ғана «Астана-Тазалық» ЖШС үлгермейді және олардың басқа да негізгі міндеттері бар», – деді қалалық Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ернат Бәзіл.

Басты сөздер: Әкімдік, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай