Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 432.55
EUR 470.83
RUB 5.84
CNY 61.31

Нұр-Сұлтан-Теміртау автожолында көлік қозғалысы ашылды

2020 жылдың 18 қаңтар 2020 15:11

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін сағат 14:00-де Нұр-Сұлтан-Теміртау автожолында көлік қозғалысына рұқсат берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «КазАвтоЖолы» ҰК Telegram-ға сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлерінің көмегімен 1200 автокөлік Теміртау бағытында жолға шықты. Республикалық маңызы бар автожолдардың 10 учаскесінде жол қозғалысына шектеу қойылды.

18 қаңтардағы сағат 15:00 ақпарат бойынша, ауа-райының қолайсыз жағдайларына байланысты еліміздегі автожолдардың 10 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу қойылды.

Кеше кешкі сағат 22:00 ақпаратқа сәйкес жалпы ұзындығы 4714 шақырым 37 учаскеде және Павлодар облысы бойынша барлық бағыттарда автожолдар жабық болған. 17 қаңтар күні жабылған ең ұзын тас жол Алматы-Екатеринбург (830 шақырым) болса, бүгінде - Қарағанды-Аягөз-Бұғаз жолы (494 шақырым).

Барлық жүргізушілерді жол ережелерін сақтап, арнайы колонна қатарынан шықпауларыңызды сұраймыз. Қазіргі сәтте, республика бойынша 818 техника қарқынды жұмыс жасауда.


Жоғары қарай