Ауа райы
Астана -10 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 381.10
EUR 420.81
RUB 5.65
CNY 54.57

«Нұр-Сұлтан-Жезқазған» пойызының 4 вагоны рельстен шығып кетті

2020 жылдың 24 қаңтар 2020 01:44

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының аумағында «Нұр-Сұлтан-Жезқазған» бағытындағы №108 жолаушылар пойызының 4 вагоны рельстен шығып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«23 қаңтарда 21 сағат 43 минутта Қарағанды жол бөлімшесіне қарасты Қарабас стансасының «Қарағанды – Пассажирская – Жарық» учаскесінде «Нұр-Сұлтан-Жезқазған» бағытындағы №108 жолаушы пойызының 4 вагоны рельстен шығып кетті. Жолаушылар тасымалымен «Марал-Нұр» ЖШС айналысады. Құрамда 16 вагон болған. Пойыздағы 683 жолаушының ешқайсысы зардап шекпеген», делінген хабарламада.

Компания баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға болған жерде қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде, рельстен шығып кету салдарын жою үшін қалпына келтіру пойызы жұмылдырылды, аталмыш учаскеде пойыз қозғалысы тоқтатылмады.

Келесі стансаларға баратын жолаушыларды отырғызу үшін қосымша вагондар ұсыну жұмыстары ұйымдастырылған.

«Оқыс оқиға күрделі метеорологиялық жағдайға байланысты қалың қар мен қатты боран салдарынан түк көрінбеу жағайында орын алды. Оқиға орнына «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның пойыздың рельстен шығып кету себебін тергейтін және анықтайтын арнайы комиссиясы аттанды», делінген хабарламада.

Жоғары қарай