Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

Нұр-Сұлтанда 10-қабаттағы пәтерге қамалып қалған бір жасар бала құтқарылды

2019 жылдың 14 қараша 2019 09:31

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Астаналық құтқарушылар 10-қабаттағы пәтерге қамалып қалған бір жасар баланы құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорданың төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Кеше 16:03-те «112» қызметіне «Батыр» тұрғын үй кешенінің 10-қабатындағы пәтерде кішкентай бала қамалып қалғаны туралы хабар келіп түскен. Бесінші жедел құтқару жасағының командирі К. Төлеубаев автобаспалдақты пәтердің балконына орнатты, содан кейін құтқарушылар Б.Ыдырысов, С.Есентеміров және А.Сатыбалдиевтер балконның есігін ашып кіріп, баланы анасына аман-есен тапсырды.

Оқыға былай болған, әйел ересектеу екі баласын түсіру үшін лифт шақыра кеткенде, үйде жалғыз қалған 1 жас 3 айлық қызы есікті жаба салған. Есінен айырыла жаздаған әйел көршілерінен жәрдем тілеген, 112 қызметіне хабарласқан. Бірер минуттан соң-ақ жетіп келген құтқарушылар шыр айналған ананың көңілін жай таптырды.

Әйел құтқарушыларға алғысын жаудырып, ризашылық білдіріп жатты.

Жоғары қарай