Ауа райы
Астана 20 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 414.13
EUR 451.40
RUB 5.80
CNY 58.03

Нұр-Сұлтанда автобустар соқтығысып, екі жолаушы зардап шекті

2020 жылдың 20 ақпан 2020 18:48

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада маршруттық автобус апатынан екі жолаушы зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«20 ақпан күні сағат 10:18-де Қабанбай батыр даңғылынан Рысқұлов көшесіне қарай бара жатқан №303 маршруттық автобус жүргізушісі ауа райы жағдайларын ескермей, аялдамада тұрған №10 автобусқа соқтығысты. Оқиға салдарынан екі жолаушы жарақат алды», - деп хабарлады Полиция депаратментінің баспасөз қызметі.

Зардап шеккен жолаушылар ауруханаға жеткізілген және медициналық көмек көрсетілген соң, үйге қайтарылған.

«№303 автобус жүргізушісіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 610-бабы, 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Тексеру жұмыстары жүріп жатыр», - делінген ресми хабарламада.


Жоғары қарай