Ауа райы
Астана -20 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 387.14
EUR 428.18
RUB 6.06
CNY 55.23

Нұр-Сұлтанда БҰҰ Жаһандық бастамасы Үйлестіру кеңесінің І отырысы өтті

2019 жылдың 19 маусым 2019 17:09

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада БҰҰ Жаһандық бастамасы Үйлестіру кеңесінің «экстремистік және террористік бағыттағы қылмыстары үшін сотталғандармен жұмыс істеу бойынша күш-жігерді қолдау және пенитенциарлық мекемелерде радикализацияның алдын алу» бірінші отырысы өтті. Кеңестің мүшелері - мүдделі мемлекеттік органдары мен азаматтық қоғам өкілдері, деп хабарлайды ҚахАқпарат.

ҚР Сыртқы істер министрлігінен мәлім еткендей, ерекше тапсырмалар жөніндегі Елші Станислав Василенко кеңеске қатысушылардың назарын Қазақстанның терроризмге қарсы күреске ерекше мән беретіндігіне және халықаралық терроризмге қарсы күрес БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі мүшелігінің жеті басымдығының бірі екендігіне аударды.

«Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттердің жаһандық террорға қарсы коалициясын (желісін) құру жөніндегі бастамасын іске асыру шеңберінде өткен жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының алаңында терроризмнен азат әлемге қол жеткізу жөніндегі тәртіп кодексіне қол қойылды. Бүгінгі таңда 80-нен астам ел құжатқа қосылды. Құжат инновациялық сипатқа ие. Өйткені бірінші рет қауіпсіздік пен терроризмге қарсы күрестің өзара тәуелділігін мойындайды. Кодекс барлық мемлекеттерді терроризмге қарсы күрес жөніндегі БҰҰ-ның қолданыстағы 19 негізгі құжатына қосылуға шақырады. Өз кезегінде біздің Республика БҰҰ-ның жоғарыда көрсетілген барлық құқықтық құралдарын бекітті», - делінген министрлік мәліметінде.



null

Экстремизмнің таралу қаупінің артып келе жатқанын мойындай отырып, 2018 жылдың желтоқсанында Қазақстан алғашқылардың бірі болып жаһандық бастамаға қосылды. Жобаны БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы (БҰҰ ЕҚБ), БҰҰ Терроризмге қарсы орталығы және БҰҰ Терроризмге қарсы комитетінің Атқарушы директораты жүзеге асырады.

2018-2021 жаһандық бағдарламаның ресми іске қосылуы 2018 жылдың желтоқсанында Нұр-Сұлтанда өтті.

Бағдарламаның жалпы бюджеті 9,1 миллион АҚШ долларын құрайды және Еуропалық Одақ (4,7 млн.), БҰҰ-ның террорға қарсы басқармасы (3,0 млн.) және Нидерланды Корольдігінің Үкіметі (1,4 млн.) қаржыландырады.

Жоғары қарай