Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 25 °С
валюта бағамы
USD 386.70
EUR 427.15
RUB 6.06
CNY 54.57

Нұр-Сұлтанда қандай жоғары оқу орындары қосымша гранттар бөледі

2019 жылдың 3 тамыз 2019 01:25

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –2019 жылғы тамыздың 5-10 аралығында қосымша 165 білім беру грантын тағайындауға арналған конкурсқа қатысу үшін құжат қабылдау басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық білім басқармасының Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап.

2019 жылғы тамыздың 5-10 аралығында қосымша 165 білім беру грантын тағайындауға арналған конкурсқа қатысу үшін құжат қабылдау басталады (ЖОО-дың тізімі мен мамандықтар тізбесі төменде көрсетілген)

2019 жылғы тамыздың 5-10 аралығында қосымша 165 білім беру грантын тағайындауға арналған конкурсқа қатысу үшін құжат қабылдау басталады(ЖОО-дың тізімі мен мамандықтар тізбесі төменде көрсетілген).

Аталған гранттар ҚР Білім және ғылым министрлігінің бастамасы бойынша бөлінген және Нұр-Сұлтан қаласы мектеп түлектеріне арналған (тек көп балалы отбасыларының балалары және атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасыларының балалары үшін).

Жоғары білімнің білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін оқуға түсуші таңдаған жоғары білім беру ұйымының қабылдау комиссиясына төмендегі құжаттарды тапсыру қажет:

1) белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш;

2) білімі туралы құжат (құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде төлнұсқа);

3) ҰБТ сертификаты (2019 жылғы маусымдағы);

4) 086-У нысаны бойынша медициналық анықтама;

5) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

6) көп балалы отбасыларының балалары және атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасыларының балалары мәртебесін растайтын құжатты ұсынуы тиіс.

Құжаттар көрсетілген бес ЖОО-на тапсырылады және бұл гранттарға тек Нұр-Сұлтан қаласының түлектері ғана қатыса алады.

Жоғары білімі бар мамандарды даярлауға 2019-2023 оқу жылдарына арналған мамандықтар бөлінісінде күндізгі бөлімде оқытатын жоғары оқу орындарының тізбесі

(құжаттар осы көрсетілген бес ЖОО-на тапсырылады және бұл гранттарға тек Нұр-Сұлтан қаласының түлектері ғана қатыса алады)

ЖОО атауы

Білім беру бағдарламасының топ номері

Мамандықтар

Жоғары білім бойынша бөлінген мемлекеттік білім беру тапсырысы

1.

«Еуразия гуманитарлық институты»жоғары білім беру мекемесі

В003

Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

30

В002

Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу

30

2.

«С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті»акционерлік қоғамы

В057

Ақпараттық технологиялар

20

3.

«Astana IT University» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

В057

Ақпараттық технологиялар

20

4.

«Астана»халықаралық университеті жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

В003

Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

25

В057

Ақпараттық технологиялар

20

5.

«Алматы Менеджмент Университеті»білім беру мекемесі

В093

Мейрамхана ісі және Мейманхана бизнесі

20

Жиыны:

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай