Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Нұр-Сұлтанда кранның құлау себебі айтылды

2019 жылдың 1 қыркүйек 2019 20:48

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - BI Group компаниясы елордада құлаған автокранға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Компания «Британ квартал» ауданында XCMG автокранының құлағанын растады.

«Алдын ала нұсқа - автокран операторының қателігі болған. Ол жұмыс жүргізу кезінде автокранның алдыңғы бөлігімен (стрела) дұрыс маневр жасамай, осының салдарынан кран аударылып қалған. Мердігері т ехникасы - «Андрющенко» жеке кәсіпкерлігіне тиесілі. Зардап шеккендер жоқ. Жеңіл автокөлікке зақым келді», - деп хабарлайды компаниядан.

Компания апаттан келген шығын «Андрющенко» жеке кәсіпкерлігі есебінен өтелетінін хабарлайды.

«Кранды эвакуациялау жұмысы жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта оқиғаның мән- жайы анықталу үстінде», - делінген хабарламада.

Еске салсақ, бұған дейін жеңіл көліктің үстіне автокран құлағаны туралы хабарлаған болатынбыз.


Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Оқиға,
Жоғары қарай