Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 376.16
EUR 406.18
RUB 5.90
CNY 53.60

Нұр-Сұлтанда құрылыс краны құлады

2019 жылдың 4 тамыз 2019 14:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада құрылыс краны құлап түсті. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2019 жылдың 3 тамызында сағат 09.24 кезінде Түркістан көшесінің бойында салынып жатқан «Сенсат парк» тұрғын үй кешенінде жүкті көтеру кезінде 8-10 метр биіктен мұнаралық кран құлап түсті. Кран көршілес «BI Group» ЖШС-нің нысанына түскен. Нысанның салушысы – «Sensata Construction» ЖШС. Зардап шеккендер мен жарақат алғандар жоқ», - деп хабарлайды елорданың Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Оқиға орнында ТЖ бойынша департамент, Полиция департаменті мен қалалық жедел жәрдем қызметкерлері жұмыс жүргізді.

Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Құрылыс, Оқиға, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай