Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Нұр-Сұлтанда Павлодар облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді

2019 жылдың 11 қыркүйек 2019 22:57

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысының ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілер 14 және 15 қыркүйек күндері елордада жәрмеңке өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жәрмеңкеге өңірдегі 80-нен астам қайта өңдеу кәсіпорындары мен ауыл шаруашылығы құрылымдары қатысады. Олардың ішінде «Рубиком» ЖШС, «Мол-Ком» ЖШС, «Смак» ЖШС, «КЭММИ» ЖШС, «Сағып» ШҚ, «Галицкое» ЖШС, «Крендель» ЖШС және «Ақжар-Өндіріс»ЖШС бар.

Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Төлеген Көшербаевтің айтуынша, барлығы 160 миллион теңгеден астам сомаға 500 тонна өнім ұсынылады.

«Біздің өніміміз елорда тұрғындары арасында үлкен сұранысқа ие және тәжірибе көрсетіп отырғандай, павлодарлық тауарды асыға күтуде. Жалпы сатуға 60 тоннадан астам ет және ет өнімдері, 20 тонна сүт, 35 тонна бакалея өнімдері, сондай-ақ 240 тонна картоп және 145 тонна көкөніс пен бақша дақылдары әкелінеді», – дейді Төлеген Көшербаев.–

Жәрмеңке «Хан Шатыр» СОО жанындағы алаңда өтеді. Павлодар облысының өндірушілері қазан айында елордаға тағы бір мәрте келуді жоспарлап отыр.


Жоғары қарай