Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 437.20
EUR 475.32
RUB 5.79
CNY 61.94

Нұр-Сұлтанда полицейлер есірткі тасымалының жолын кесті

2020 жылдың 18 ақпан 2020 12:38

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордалық есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының полицейлері құны 5 миллион теңге болатын гашиш есірткісінің 3 мың дозасын тәркіледі.

Есірткі өткізген күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жедел-іздестіру шаралары барысында елорда аумағынан 27 жастағы М. есімді азамат ұсталды.

Оның тұратын жерін тексеру барысында салмағы 3000 дозалық гашиш табылды. Күдікті есірткіні елорда аумағында өткізбек болған.

Полицейлердің атап өтуінше, қара нарықтағы тәркіленген аталған есірткі партиясының құны 5 млн теңгеден асады.

Азамат М. уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. ҚР ҚК 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Полицейлер жыл басынан бері елорда аумағында 81 есірткімен байланысты заң талаптарын бұзу әрекетін анықтады. 20 келі түрлі есірткі заңсыз айналымнан шығарылды.

Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті ескертеді: есірткі құралдарымен байланысты қылмыс үшін өмір бойына дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.


Жоғары қарай