Ауа райы
Астана 24 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 411.54
EUR 458.13
RUB 5.84
CNY 57.64

Нұр-Сұлтанда төтенше жағдай кезінде 30 мың маска мен 20 мың литр антисептик тәркіленді

2020 жылдың 24 наурыз 2020 18:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордалық құқық қорғау органдары прокуратураның үйлестіруімен төтенше жағдай жарияланған сәттен бастап заңды сақтау бойынша барлық шараларды қабылдап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық прокуратураға сілтеме жасап.

Прокурорлар, полицейлер мен мемлекеттік кіріс қызметкерлерінен құралған мобильді топ бір сәтте дефицит болған медициналық құралдарды – маска мен антисептиктерді алып-сату фактілерін уақтылы анықтап, алдын алуда.

Төтенше жағдай режимі жарияланғалы бері медициналық құралдарды заңсыз сатудың 58 фактісі анықталды. Жалпы сомасы 88 млн теңгелік 30 мың дана маска және 50 млн теңгелік 20 мың литр антисептик тәркіленді.

Материалдар сотта қаралғаннан кейін тәркіленген құралдар жергілікті атқару органдарына беріледі.


Жоғары қарай