Ауа райы
Нұр-Сұлтан 17 °С
Алматы 25 °С
валюта бағамы
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

Нұр-Сұлтанда жас ғалымдардың республикалық конгресі өтті

2019 жылдың 23 мамыр 2019 16:23 684

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Жастар жылы аясында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде жас ғалымдардың республикалық конгресі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Конгресс мақсаты - Елбасының мемлекеттік бағдарламаларының негізгі тұжырымдамаларын іске асыру шеңберінде түйінді проблемаларды инновациялық индустрияландыру арқылы жаңғыртып, елдің экономикалық жағдайын жақсарту, Қазақстанның инновациялық даму жолын жаңа сатыға көтеру, озық технологиялық бағыттар бойынша тәжірибе алмасу және ЖОО-ның ғылыми қызметінің жаңа әлеуетін көрсету.

Айта кетейік, конгресс арқылы тәжірибе алмасудың тиімділігін, жас ғалымдардың өзекті идеяларын арттыру және кәсіби ынтымақтастықты дамыту көзделген. Сондай-ақ, еліміздің Тұңғыш Президенті - Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев алға қойған міндеттерді шешуде даму векторларын анықтап, Қазақстанның әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіруі үшін тиімді стратегия құру - басты назарда болды. Жас ғалымдарды белсенді тарту арқылы ел дамуының инновациялық жолдарын кеңейту мақсат етілген.

Жиында Қазақстан ғылымының заманауи сын-қатерлері талқыланып, мемлекет отандық ғылым алдына қойған міндеттерді шешу мақсатында күш-жігерді шоғырландыру жайы қаралды. Әлемдік саяси, техникалық-экономикалық мәселелер контексінде жаһандық сын-қатерлер мәселелері сөз болды. Конгресте одан бөлек, ғылым саласын одан әрі жаңғырту, ғылыми-техникалық зерттеулерді коммерцияландыру, зертханаларды, зерттеу институттарын материалдық-техникалық ресурстармен қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Іс-шараға еліміздің жоғары оқу орындарының жас, белгілі ғалымдары, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатысты.

ЕҰУ жас ғалымдарының еліміздің ғылыми ортасында салмақты орны бар. Білім алушы контингенттің 25 пайыздан астамы ғылыми-зерттеу жобаларына тартылған.

Бүгінгі таңда ЕҰУ жас ғалымдары өз жетекшілерімен бірге отандық ғылым үшін бес басым бағыт бойынша ғылыми жобаларға қатысады: өмір туралы ғылым, энергетика, шикізат пен өнімді терең өңдеу, ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар, елдің зияткерлік әлеуеті. Мұнда студенттік ғылыми қоғам, инновациялық кәсіпкерлікті қолдайтын «Startup-жобалар» аймағы, бизнес-жобалар дайындау мен консалтингтік қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді.  Сонымен қатар шағын инновациялық кәсіпорындар мен стартаптар құрылуда.

Сонымен қатар, ЕҰУ рейтинг бойынша бірнеше жыл қатарынан алдыңғы орында: QS World University Rankings және Times Higher Education World University Ranking-да дәйексөз бойынша қазақстандық жоғары оқу орындары арасында 1 орын; Халықаралық ғылыми метрикалық деректер базасына (Thomson Reuters, Web of Science, Scopus, Sci Dire) кіретін импакт - факторлы журналдардағы ғылыми жарияланымдардың саны бойынша 1 орын; «2011-2015, 2017-1018 жылдардағы Қазақстанның ең дәйексөзді ғылыми ұйымдары» номинациясында (Web of Science) жас ғалымдардың еңбегі зор.

Бұдан басқа, университет ғалымдары ғылыми журналдардың нәтижелілігіне үлкен үлес қосады. Атап айтқанда: «Scopus» халықаралық библиометриялық деректер базасында: «Eurasian Mathematical Journal», «Eurasian Journal of Mathematical and Computer Applications», «Еуразия физика және функционалдық материалдар журналы».

Ең танымал қазақстандық ғалымдар да осында жұмыс істейді, ал олардың 30%-ын жас ғалымдар құрайды.

 

 

Жоғары қарай