Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 389.34
EUR 428.78
RUB 6.05
CNY 55.45

Нұр-Сұлтанда «Жасыл ел» жасағының XV еңбек маусымы аяқталды

2019 жылдың 22 қазан 2019 18:32

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Астананың студенттік құрылыс және «Жасыл ел» жасағының XV маусымының жабылу салтанаты өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Студенттік құрылыс және «Жасыл ел» жасағы 2005 жылы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен құрылған болатын. Биыл да ел астанасында жастардың республикалық еңбек жасағы құрылып, оның бөлімшелері барлық өңірде ашылды. Қоғамдық даму істері басқармасының жастармен жұмыс бөлімінің басшысы Бақытжан Жүнісбековтың айтуынша, биыл «Жасыл ел» штабы жаз маусымында елорданың 1000-нан астам жас тұрғынын жұмыспен қамтыды.

«Жасыл ел» құрамында еңбек еткісі келетін жастар саны жыл санап артып келеді. Биыл штаб жоспарды межеленген шамадан артық орындап, мыңнан астам астаналық жас жазғы уақытта жұмыспен қамтамасыз етілді. Оның үш жүзге жуығы - көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасы балалары.

Бұған қоса ювеналдық полицияда есепке алынған жастар да еңбекке тартылды. Қаладағы оннан астам ұйым оларға жұмыс орнын ұсынды. Олардың арасында «Базис-А», «Астана-Зеленстрой» АҚ, «Астана орманы» ЖШС сияқты құрылыс компаниялары мен білім беру ұйымдары бар», - деді Бақытжан Жүнісбеков.

«Жасыл ел» жасағы маусымының жабылу рәсіміне қоғам қайраткерлері мен эстрада жұлдыздары қатысты.










Жоғары қарай