Ауа райы
Астана 2 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 389.94
EUR 433.50
RUB 6.10
CNY 55.13

Нұр-Сұлтанда жеңіл көліктің үстіне автокран құлады

2019 жылдың 1 қыркүйек 2019 18:48

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордадағы Шарль де Голь көшесінде автокран құлап, жеңіл автокөлікті зақымдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасының бастығы Елжан Шүпековтің мәліметінше, оқыс оқиға бүгін сағат 16.40 кезінде болған.

«Шарль де Голь көшесінде автокран құлады. Оқиға кезінде тұрақта тұрған «KIA RIO» маркалы автокөлікке зақым келді. Зардап шеккендер жоқ», - деп хабарлады полиция өкілі.

Болған оқиғаға қатысты «Гарант сервис» ЖШС басшысына Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 631-бабы (жолда жұмыс жүргізу кезінде жол ережелері қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бекітілген ережелерді орындамау» бойынша әкімшілік іс қозғалды.





Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Оқиға, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай