Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 385.76
EUR 427.89
RUB 6.04
CNY 54.79

Нұр-Сұлтандағы апатты жағдайға байланысты құрылған комиссияның алғашқы отырысы өтті

2019 жылдың 11 қараша 2019 16:22

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үкімет басшысының орынбасары Роман Скляр елордада электр энергиясының ажыратылу себептерін анықтау жөніндегі комиссияның алғашқы отырысын өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Нұр-Сұлтанның сол жағалауында электр энергиясының өшіп қалу себептерін анықтау және осы проблеманы шешу үшін алдын-ала шаралар қолдану мақсатында құрылған арнайы комиссияның алғашқы отырысы өтті.

Отырыс аясында Энергетика министрлігіне жарықтың ағытылу себептерін анықтау үшін шұғыл түрде сараптама жүргізу тапсырылды, алдағы уақытта осындай жағдайлар қайталанбауы үшін тиісті тексеріс жүргізу қажеттігі аталып өтті.

Комиссия жұмысы оперативті режимде жалғасуда.

Еске салсақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елорданың басым бөлігінде жарықтың сөніп қалуына әкеп соқтырған апатты жағдайға байланысты Үкіметке арнайы комиссия құруды тапсырған еді.

Жоғары қарай