Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 389.86
EUR 435.32
RUB 6.12
CNY 55.12

Нұр-Сұлтандағы триатлоннан әлем кубогы кезеңі: Бас жүлде Жапония мен Аустралия еншісінде

2019 жылдың 16 маусым 2019 17:03

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Астанада триатлоннан әлем кубогы кезеңі аяқталды. Өкінішке қарай, өз жеріміздегі додада спортшыларымыз жүлдесіз қалды деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сілтеме жасап.

Жарыс басталар алдында төрешілер алқасы аздаған өзгеріс енгізді. Турнир бағдарламасынан жүзуден өтетін жарыс алынып тасталды.

Кубок кезеңіне әлемнің 37 мемлекетінен 130 спортшы қатысты. Қазақстан атынан Ғазиза Құмақбаева мен Семен Пивоваров сынға түскен болатын.

Ғ.Құмақбаева жарыс жолынан шығып қалды, ал С.Пивоваров 43-орын алды.

Әйелдер арасында жапондық Ай Уэда жеңіске жетті. Екінші орында ирландиялық Кэролин Хейс, үшінші сатыда ұлыбританиялық Кейт Во.

Ерлер арасында аустралиялық Мэттью Хайзерге тең келер ешкім болған жоқ. Екінші орында ОАР өкілі Виан Сулвад. Үздік үштікті америкалық Мэттью Макилрой тұйықтап тұр.

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Спорт,
Жоғары қарай