Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 413.12
EUR 452.86
RUB 5.82
CNY 57.92

Нұр-Сұлтанға 22 наурыздан бері 1712 жолаушы ұшып келген

2020 жылдың 28 наурыз 2020 12:55

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 22-27 наурыз аралығында елордаға 18 рейспен 1485 жолаушы келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нұрcұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежайға келетін адамдарды оқшаулау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. 22 -27 наурыз аралығында елордаға 18 рейспен 1485 жолаушы келді, оның ішінде үшеуі – сәби. Барлық жолаушылардан зертханалық зерттеулер үшін биоматериалдары алынды. Қазіргі кезде олардың үшеуінен коронавирус анықталды.

Оларды оқшаулап, байланыста болған адамдарды анықтау жұмыстары жалғасуда», - деді Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова.

Ал 27-28 наурыз аралында елордаға тағы үш рейс келген.

«Бұл рейстермен келген адамдар саны – 227. Олардан сынама алып, зертханалық жағдайда тексеріп жатырмыз», - деп толықтырды ол.


Жоғары қарай