Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 411.54
EUR 458.13
RUB 5.84
CNY 57.64

Нұралы Әбіш: Бір үйдің баласындай болып індеттің таралуына жол бермеуіміз керек

2020 жылдың 24 наурыз 2020 17:35

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Нұралы Әбіштің айтуынша, елдегі төтенше жағдай толықтай Президент бақылауында, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев күні кеше ғана мемлекеттік комиссия отырысында барша қазақстандықтарға аса үлкен сенім мен жауапкершілік артылып отырғанына тоқталған болатын.

«Біз үкімет тарапынан қолға алынып отырған шектеулер мен сақтану шараларына барынша қолдау білдіріп, түсіністік танытып, барлық талаптарды орындауға тиіспіз. Олай етпеген жағдайда қиын жағдайға тап болуымыз мүмкін. Сондай-ақ жалған ақпараттарға сенбей, ел ішінде үрей туғызбауға, жұртты сабырға шақырып, ынтымақ, бірлікке ұйыстыра білуіміз керек. Әлемге қауіп төндіріп тұрған індетпен күрес жүргізу - тек медицина қызметкерлері мен құқық қорғау мамандарының ғана емес, бүкіл қазақ қоғамының міндеті. Ендеше біз бір қолдың саласындай, бір үйдің баласындай болып, заң талаптарына бағынып, жеке бас гигиенасы мен тазалығын сақтап, індеттің таралуына жол бермеуге атсалысуымыз қажет», - дейді облыстық мәслихат депутаты.

Оның айтуынша, Қазақстан мемлекеті індетпен күрес жұмыстарын дер кезінде қолға алып, елордамыз бен Алматыда карантин енгізді. Бұл - қуанарлық жайт.

«Адам көп шоғырланатын сауда орындары мен ойын-сауық кешендерін,үлкен базарларды жапты. Маска жетіспеушілігін ескеріп, кәсіпкерлерді осы іске жаппай жұмылдыра білді. Қазіргі таңда маска жетіспеушілігі аса сезіліп отырған жоқ. Азық-түлік бағасы да үкіметтің жіті бақылауында. Барлық қажетті азық-түлік қоры жасақталып жатыр. Ендігі міндет - осы қысылтаяң, қарбалас шақта бірлігімізді танытып, сабырмен осы қиын кезеңнен аман-есен шыға білу. Бұл іс қазақ халқының қолынан келеді», - дейді Нұралы Әбіш.


Жоғары қарай