Ауа райы
Астана 2 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 389.81
EUR 430.27
RUB 6.06
CNY 54.91

Нұрислам Санаев халықаралық турнирде алтын медаль иеленді

2019 жылдың 2 наурыз 2019 18:26

АСТАНА. ҚазАқпарат - Болгарияда күрес түрлерінен рейтингілік халықаралық «Дан Колов - Нилола Петров» турнирі жалғасуда. Кезекті жарыс күнінде біздің балуандар үш медаль иеленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Еркін күрестен 61 келіде сынға түскен Нұрислам Санаев финалда үнділік Сандип Томарды 10:0 есебімен жеңіп, турнир жеңімпазы атанды.

Грек-рим күресінен 55 келіге дейінгі салмақта белдескен Қорлан Жақанша күміс медаль иеленді. Ол ақтық белдесуде ресейлік Виталия Кабалоевке есе жіберген.

Әйелдер күресінен 55 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Марина Седнева турнирдің күміс, Жұлдыз Ешімова қола медаль иеленді

Басты сөздер: Қазақ күресі, Спорт,
Жоғары қарай