Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

Нүркен Мазбаев «Астана» футбол клубының директоры қызметіне тағайындалды

2019 жылдың 16 шілде 2019 22:55

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін елге танымал қазақстандық шабуылшы Нүркен Мазбаев «Астана» футбол клубының спорттық директоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды sports.kz.

Нүркен Қалдыбекұлы бірнеше клуб сапында, оның ішінде «Жеңісте» (Астана) ойнап, 138 гол салған. Сонымен қатар, Қазақстан құрамасында да сәтті өнер көрсетті.

Ол спорттық жолын аяқтағаннан кейін «Тараз» командасының құрылымында бапкерлер штабында жұмыс істеді, спорттық директор лауазымында еңбек етті.
«Тараздан» басқа Мазбаев Қазақстан ұлттық құрамасы бас бапкерінің ассисенті болды. Сондай-ақ көкшетаудың «Оқжетбесінде» де өзіндік қолтаңбасын қалдырды.

Фото: prosports.kz

Басты сөздер: Тағайындау, Нұр-Сұлтан, Спорт,
Жоғары қарай