Ауа райы
Астана -12 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 388.49
EUR 427.26
RUB 6.06
CNY 55.32

Нұрлан Нығматулин: Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы стратегиялық серіктестік деңгейіне жетті

2019 жылдың 22 тамыз 2019 16:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжан Сяоны қабылдады. Бұл туралы ҚазАқпарат Мәжілістің басүнпсөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Тараптар Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықты парламентаралық деңгейде нығайту мәселелерін талқылады.

Нұрлан Нығматулин атап өткендей, Қазақстан мен Қытай басшыларының арқасында екіжақты ынтымақтастық стратегиялық серіктестік деңгейіне жетті.

Қазақстан мен Қытай парламентшілерінің арасындағы қарым-қатынас екі елге ортақ мүдделер шеңберінде дамуда. Мәжіліс Төрағасы әріптестерінің инновациялық даму, сондай-ақ экономикалық қайта құру реформаларын заңнамалық қолдау тәжірибесі қызығушылық тудырып отырғанын жеткізді.

Нұрлан Нығматулин «Nur Otan» партиясы фракциясының жетекшісі ретінде Мәжіліс депутаттары-фракция мүшелерінің қытайлық әріптестерімен байланысты кеңейту маңыздылығын атап өтті.

Мәжіліс Төрағасы мен Чжан Сяо 2019 жылы 23-24 қыркүйекте Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында «Үлкен Еуразия: Диалог. Сенім. Серіктестік» тақырыбында өтетін Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің төртінші кеңесіне Жалпықытайлық халық өкілдері делегациясының қатысу мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ, осы уақытта Қытай Халық Республикасы Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Ли Чжаньшудің Қазақстанға ресми сапары жоспарланған.

Басты сөздер: Қытай, Парламент,
Жоғары қарай