Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 377.86
EUR 418.74
RUB 6.10
CNY 54.50

Нұрлан Нығматулин Мәжілістің Бюро отырысын өткізді

2019 жылдың 6 желтоқсан 2019 12:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат- Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палатаның Бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.

Алдағы сәрсенбіде депутаттар назарына ұсынылатын құжаттар қатарында қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл және көші-қон процестерін реттеу мәселелеріне бағытталған бірінші оқылымда талқыға түсетін маңызды заң жобалары бар.

Сонымен бірге, салықтық базаны бүркемелеуге және пайданы салық салу аясынан алып кетуге қарсы іс-қимыл жасау мақсатында салықтық келісімдерге қатысты шараларды орындау жөніндегі көпжақты конвенцияны ратификациялау алдағы сәрсенбіде қаралатын негізгі заң жобаларының бірі.

Осы күні газ және газбен жабдықтау мәселелеріне қатысты түзетулер екінші оқылымда қаралмақ.

Жалпы отырыста бірқатар ратификациялық құжаттар жаңадан жұмысқа алынады. Олар Біріккен Араб Әмірліктерімен сотталған адамдарды беру туралы, Украинамен қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы, Бразилиямен сотталған адамдарды беру туралы шарттарға, сондай-ақ, Америка Құрама Штаттарымен Консулдық артықшылықтар мен иммунитеттер туралы үкіметаралық келісімге және Әріптестік туралы негіздемелік келісімге (2014 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Үкіметі мен Азия Даму Банкі арасындағы Қазақстанды экономикалық әртараптандыру және оның орнықты дамуына, жалпы өсуіне жәрдемдесу мақсатында ынтымақтастықты күшейту жөніндегі әріптестік туралы негіздемелік келісімге түзетулер мен толықтырулар) қатысты болмақ.

Осы күні Палата қоғамдық кеңестердің қызметі мәселелеріне қатысты және атом энергиясын пайдалану мәселелері бойынша түзетулерге байланысты заң жобалары бойынша қорытынды әзірлеу мерзімін тағайындайтын болады.

Басты сөздер: Заң, Парламент,
Жоғары қарай