Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 435.54
EUR 473.08
RUB 5.76
CNY 61.64

Нұрлан Нығматулин Тегеран маңындағы ұшақ апатына байланысты көңіл айтты

2020 жылдың 8 қаңтар 2020 22:01

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Тегеран халықаралық әуежайы маңында Украина жолаушылар лайнерінің апатқа ұшырауы салдарынан азаматтары қаза тапқан бірнеше елдің парламенттері басшыларына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат төменгі палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Тегеранда ұшақ апатынан орын алған қайғылы жағдайды күйзеліспен қабылдадым. Оқиға салдарынан қаза болған азаматтар елдері Парламенттерінің спикерлеріне көңіл айту жеделхатын жолдадым. Қаза болғандардың отбастарына, барша жақындарына қайғырып көңіл айтамын», -деп жазды Нұрлан Нығматулин өзінің Twitter-дегі жеке аккаунтында.

Еске сала кетсек, 8 қаңтарда Тегеран уақытымен сағат 6:00-де Имам Хомейни атындағы әуежайдан Тегеран-Киев бағытымен ұшып шыққан «Украина халықаралық әуе желілері» әуе компаниясының Boeing-737 ұшағы апатқа ұшырады. Оның бортындағы 168 жолаушы мен 9 экипаж мүшесі түгелге жуық қаза тапты.
Жоғары қарай