Ауа райы
Астана -12 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 375.87
EUR 406.24
RUB 5.84
CNY 53.45

Нұрсұлтан Назарбаев Әсет Исекешевті қабылдады

2020 жылдың 23 қаңтар 2020 18:37

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұрсұлтан Назарбаев Президент көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Әсет Исекешевті қабылдады. Кездесу барысында Елбасы Қауіпсіздік Кеңесі еліміздің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуде бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруды үйлестіруде маңызды рөл атқаратынын атап өтті, деп хабарлайды elbasy.kz.

– Қауіпсіздік Кеңесі елдің ішінде де, одан тысқары да қауіпсіздік мәселелерін талдайтын және қарауға ұсынатын өте маңызды мемлекеттік орган. Оның құзырына құқық қорғау органдарының жұмысы, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, шет елдермен қарым-қатынас және елдің қорғаныс қабілеті сияқты мәселелер кіреді. Сонымен бірге, құқық қорғау жүйесінің реформасына көңіл бөліп, соңына дейін жеткізу маңызды, - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Өз кезегінде Ә.Исекешев елдегі қазіргі жағдай туралы баяндап, 2020 жылға арналған жұмыс жоспары туралы ақпарат ұсынды.

Кездесу қорытындысы бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы бірқатар нақты тапсырма берді.


Жоғары қарай