Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 432.55
EUR 470.83
RUB 5.84
CNY 61.31

Нұрсұлтан Назарбаев Бас прокурорды қабылдады

2019 жылдың 25 желтоқсан 2019 19:09

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұрсұлтан Назарбаев Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Елбасының ресми сайтына сілтеме жасап.

Бас прокурор Елбасына 2019 жылғы жұмыстың негізгі қорытындылары мен алдағы кезеңге жоспарланған басты мақсаттары туралы мәлімет берді.

Сонымен бірге, Қазақстанның Тұңғыш Президентіне азаматтардың әлеуметтік-экономикалық саладағы құқықтарын қорғау бойынша атқарылып жатқан шаралар жайлы ақпарат ұсынылды.

Жоғары қарай