Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Нұрсұлтан Назарбаев: Егер біз күшті болсақ, бәрі де бізбен санасады

2019 жылдың 19 наурыз 2019 19:39

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев республикалық телеарналар арқылы Қазақстан халқына арналған мәлімдемесінде ел алдындағы ауқымды міндеттерді атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Құрметті қазақстандықтар. Менің сүйікті отандастарым. Мен бүгінгі сөзімді Сіздердің әрқайсыңызға арнап отырмын. Еліміздің алдында ауқымды міндеттер тұр. Жетістікке жететінімізге сенемін. Мен Қазақстанның бүгінгі болашағын қалай елестетемін? Болашақ қазақстандықтар - білімді, үш тілде сөйлейтін, еркін адамдардың қоғамын қалыптастыратынына сенемін. Олар әлемнің азаматтары. Олар дүниені шарлайды. Олар жаңа білім алуға құштар. Олар еңбексүйгіш. Олар өз елінің нағыз патриоттары. Қазақстан 2050 жылы жалпыға ортақ еңбек қоғамына айналады деп сенемін. Бұл бәрі де адам игілігі үшін жасалатын, экономикасы мықты мемлекет», - дейді Мемлекет басшысы.

Президент Қазақстанның білім саласы да, денсаулық сақтау саласы да үздік болатынын, бейбітшілік пен тыныштық құратынын, азаматтары еркін әрі тең құқылы, билігі әділетті, заң үстемдік ететін мемлекет болатынын ерекше атап өтті.

«Мен дұрыс жолда келе жатқанымызға кәміл сенемін. Біздің тура жолдан ештеңе де тайдыра алмайды. Егер біз күшті болсақ, бәрі де бізбен санасады. Егер біз әлдеқандай күшке, басқа біреуге үміт артсақ, қол жеткізген жетістіктердің бәрінен айырыламыз. Сүйікті Отанымыз Қазақстан жасасын!», - деп түйді сөзін Нұрсұлтан Назарбаев.


Фото: mod.gov.kz

Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Қазақстан Президенті,
Жоғары қарай