Ауа райы
Астана -21 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 380.84
EUR 419.50
RUB 6.05
CNY 54.90

Нұрсұлтан Назарбаев елорданың алғашқы құрылысына атсалысушылармен кездесті

2019 жылдың 10 желтоқсан 2019 18:48

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Кездесу барысында Қазақстанның Тұңғыш Президенті үзеңгілестерімен бірге елорданың құрылуы және даму тарихына арналған көрмені аралады. Онда Елбасы кітапханасының музейі, мұрағаты және кітапханасы қорынан мыңға жуық экспозиция қойылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат elbasy.kz-ке сілтеме жасап.

Сонымен қатар, Қазақстанның Тұңғыш Президенті астананың алғашқы құрылысына атсалысушыларға арнайы «Назарбаев орталығының» экспозициялық алаңында экскурсия өткізді.

Сондай-ақ, Елбасы елорданы Алматыдан Ақмола қаласына көшірген кездер жайлы естеліктерімен бөлісті.

– Жақын серіктестерім мен адал үзеңгілестерімді көргеніме өте қуаныштымын. Сіздер әсем қаламызды салу барысында әрқашан маған сенімді қолдау көрсеттіңіздер, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.







Жоғары қарай