Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 375.87
EUR 406.24
RUB 5.84
CNY 53.45

Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің басшылығымен кеңес өткізді

2020 жылдың 8 қаңтар 2020 19:03

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің басшылығымен кеңес өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Елбасының ресми сайтына сілтеме жасап.

Отырыс барысында Елбасы Кеңсесі қызметінің 2019 жылғы қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспары қаралды.

Кеңес барысында Елбасының қызметін қамтамасыз ету аясындағы міндетердің орындалуы, соның ішінде Қазақстанның Тұңғыш Президентінің қатысуымен өтетін шетелдік сапарлар мен мемлекет ішіндегі іс-шараларға дайындық туралы ақпарат ұсынылды.

Сондай-ақ, Елбасының 2020 жылғы жұмыс кестесіне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, кеңеске қатысушылар халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелерді талқылады.

Кеңес қорытындысы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар нақты тапсырма берді.

Жоғары қарай