Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 389.75
EUR 434.26
RUB 6.12
CNY 55.05

Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеудегі Қазақстан елшілігінде болды

2019 жылдың 7 қыркүйек 2019 17:29

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат – Жұмыс сапарымен Ресейде жүрген Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеудегі Қазақстан елшілігінде қонақ болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат елшіліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Делегация құрамында сондай-ақ ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин және ҚР Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов бар.

Қонақтарды қошеметпен қарсы алған Қазақстанның Ресей Федерациясындағы елшісі Иманғали Тасмағамбетов елшіліктің жөндеуден өткен ғимаратын аралатып, көрсетіп шықты. Одан бөлек, делегация Қазақстан-Ресей қарым-қатынасына арналған музейді тамашалап, сирек кездесетін экспонаттармен танысты.

Нұрсұлтан Назарбаев жиналған дипломаттарға табыс пен сәттілік тіледі.

Еске сала кетейік, бүгін Қазақстанның Тұңғыш Президенті Мәскеуде Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесіндегі «Қазақстан» павильонының ашылу рәсіміне қатысты.



Жоғары қарай