Ауа райы
Нұр-Сұлтан 6 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

Нұрсұлтан Назарбаев Польша президентімен телефон арқылы сөйлесті

2019 жылдың 25 наурыз 2019 20:37 740

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Польша Республикасының Президенті Анджей Дудамен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Польша Президенті Анджей Дуда Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасының Президенті өкілеттігін тоқтату туралы шешімінің тарихи мәні бар екенін атап өтті.

Анджей Дуда Ұлт көшбасшысының заманауи Қазақстанды қалыптастыру мен дамыту ісіндегі рөлін жоғары бағалап, достық пен сенімге негізделген Қазақстан-Польша ынтымақтастығын жемісті ілгерілетуге зор еңбек сіңіргені үшін алғыс айтты.

Польша Президенті Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасына мықты денсаулық, алдағы қызметіне табыс тіледі.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Анджей Дуда тұрақты байланыстарын жалғастыра беруге уағдаласты.

 

 

Жоғары қарай