Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 443.50
EUR 479.47
RUB 5.79
CNY 62.51

Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады

2020 жылдың 10 қаңтар 2020 18:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында Елбасына Қазақстандағы қазіргі әлеуметтік-экономикалық ахуал және халықтың әл-ауқатын арттыру бойынша қабылданған шаралар туралы ақпарат ұсынылды.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Бес институционалдық реформаны іске асыруға бағытталған «100 нақты қадам» Ұлт жоспары тармақтарын сапалы орындаудың маңыздылығына назар аударды.

– Экономикадағы ахуал жаман емес. Қазір «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын мұқият жүзеге асыру маңызды. Орындалған міндеттер бар, бірақ ерекше мән беруді қажет ететін орындалмаған тармақтар да қалып отыр, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Өз кезегінде Асқар Мамин 2019 жылдың қорытындысы бойынша қол жеткізген экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері және ұлттық экономиканы одан әрі нығайту жөніндегі жоспарлары туралы мәлімет берді.

– Ел экономикасы тұрақты дамып келеді. Біз жоғары экономикалық көрсеткіштерге қол жеткіздік. 2019 жылдың нәтижесі бойынша ЖІӨ өсімі 4,5 пайызды құрады. Негізгі драйверлер – құрылыс, көлік, сауда, байланыс салалары, – деді Премьер-Министр.

А.Маминның баяндамасына сәйкес құрылыс саласының даму қарқыны 12,9%, сауда – 7,6%, байланыс – 5,2%, көлік – 5,1%, өңдеу саласы – 4,4%, тау-кен өнеркәсібі – 3,7% құрады. Ал халықтың табысы 5,5%, негізгі капиталға инвестициялар 8,5% өсіп, сауда айналымы 97 млрд долларды құрады.


Жоғары қарай