Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 375.87
EUR 406.24
RUB 5.84
CNY 53.45

Нұрсұлтан Назарбаев Режеп Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті

2019 жылдың 29 желтоқсан 2019 18:42

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елбасы Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ҚР Тұңғыш Президентінің ресми сайты.

Тараптар бір-бірін келе жатқан жаңа жылмен құттықтады.

Түркия көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа зор денсаулық пен толағай табыс, Қазақстан халқына игілік пен бақ-береке тіледі.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Режеп Тайип Ердоған Қазақстан мен Түркия қатынастарының жоғары деңгейі мен екіжақты ынтымақтастықты дамытудың зор мүмкіндіктерін атап өтті.

Телефон арқылы сөйлесуге Түркия жағы бастамашы болды.


Жоғары қарай