Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

Нұрсұлтан Назарбаев «Тыраулап ұшқан тырналар» спектакліне барды

2019 жылдың 21 қараша 2019 22:38

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елбасы Қазақстанның халық әртісі, театр және кино режиссері Талғат Теменовтің Валентин Ежовтың пьесасы бойынша сахналанған «Тыраулап ұшқан тырналар» қойылымын тамашалады. деп хабарлайды ҚазАқпарат elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.

Спектакль Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының сахнасында қойылды.


Драмалық қойылым соңында Нұрсұлтан Назарбаев театрдың шығармашылық ұжымы мен көрермен алдында сөз сөйледі.

- Қазақ театры жұмыс істеген жылдар бойы мықты ұжым қалыптасты. Келесі жылы жазда жаңа ғимаратқа көшесіздер. Оң жағалаудағы «Мыңжылдық аллеясы» аумағында театр салып жатырмыз. Онда 650 және 200 орындық екі зал болады. Бүгінгі спектакль маған ұнады. Мен барлық өнер иелеріне керемет қойылым үшін алғыс айтамын», - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.







Жоғары қарай