Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 388.70
EUR 428.70
RUB 6.08
CNY 55.46

Нұрсұлтан Назарбаев ядролық державалармен жақсы қарым-қатынас орната білді - Кэй Карасава

2019 жылдың 22 наурыз 2019 14:35

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан АҚШ, Қытай, Ресей сияқты ядролық қаруға ие үлкен үлкен державалармен жақсы қарым-қатынас орната білді.

Сонымен қатар ядролық қаруы жоқ Жапониямен де жақсы қарым-қатынаста. Ал бұл Нұрсұлтан Назарбаев сияқты сұңғыла саясаткердің арқасында қол жеткізілген үлкен жетістік. Рицумейкан Университетінің профессоры, Экономика ғылымдарының докторы, жапониялық Кэй Карасава Елбасы Президенттік өкілеттігін тоқтатқаннан кейін осындай пікір білдірді.

«Мен Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбавтың отставкаға кеткені туралы ақпаратты «Никкей» газетінің таңғы басылымынан және «NHK» жаңалықтарынан көрдім. Егер шынымды айтсам, қатты таң қалдым. Әрине, мен бұл уақыттың келетінін білдім. Бірақ, менің пайымымша ол әлі де еліне біршама уақыт қызмет етуі керек еді.

Осыған дейін Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын оқыған болатынмын. Онда Президент жалпы халықтың тұрмыс деңгейін көтеру мәселесін ерекше атап көрсетті. Осы Жолдауға мен өте тәнті болдым. Әсіресе, Президенттің Қазақстан халқының табысын ұлғайтуға, елді бақытты қылуға деген ұмтылысын ерекше атап өткім келеді»,-келеді дейді ғалым.

Оның сөзінше, жапондықтар үшін Қазақстан мұнай, табиғи газ сияқты өзінің бай ресурстарымен, Каспийдегі қара уылдырық беретін балықтарымен, кең байтақ жерімен танымал. Осы кең байтақ жер Орта Азияның кіндігінде орналасып, Еуропа мен Азияны байланыстыратын ерекше орында тұр. Бұл экономикалық тұрғыдан екі елді байланыстыруға үлкен мүмкіндік туғызады. Мұндай жағдайда, Қазақстанға кең көлемде инвестиция салатын компаниялар санының көбейетіні сөзсіз. Сонымен қатар, Қазақстан өзінің ресурстарымен елдің дамуына үлкен серпін беріп, тіпті дүниежүзіндегі даму процестеріне өз үлесін қосатындай әлеуеті бар.

«Мен алдыңғы жылдың қарашасында Астана клубының шақыруымен Қазақстанның елордасына барып қайттым. Онда Еуразия континентінің интеграциясына қатысты мәселе талқыға салынды. Атап айтқанда, Қиыр Шығыстағы Жапониядан бастап Орта Азияның дәл ортасындағы Қазақстан арқылы Еуропаға шығатын теміржол тасымалын дамытуға күш салынып отырғандығы жөнінде сөз қозғалды. Бұл өткен жылдан бері өз басталып, алға жылжып келе жатқан салалардың бірі. Менің ойымша, экономиканың әртүрлі саласы бойынша ықпаладастықты дамыту қажет. Бұл орайда Қазақстанда жапон компанияларының белсенділігін одан әрі жандандыру үшін көптеген жағдайлар жасағаны орынды болар еді», - деп қорытады ойын жапониялық профессор.

Жоғары қарай