Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 377.09
EUR 407.37
RUB 5.93
CNY 53.95

Нұрсұлтан Назарбаевтың Үшқоңыр бөктерінде ән салған видеосы жарияланды

2019 жылдың 20 тамыз 2019 11:44

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының Үшқоңырдағы серуендеген сәті бейнеленген видео жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елбасы баспасөз қызметінің Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланған видеодан Қазақстанның Тұңғыш Президенті тау бөктерінде серуендеп келе жатып «Үшқоңыр» әнін айтқанын көруге болады.

«Көптеген елдерді араладым… Бірақ бәрі де өзім туып-өскен қазағымның жеріне, Алатаудың бір бөктеріне жамбастай жығылған үш қоңыр төбеге жетпеді. Балалығымның, сағынышымның алтын қазығы сонда екен…», - деп жазады Нұрсұлтан Назарбаев.


Жоғары қарай