Ауа райы
Астана -10 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 381.10
EUR 420.81
RUB 5.65
CNY 54.57

Нұржан Жолдыбалинов: Тоқаев ел мүддесін ең жоғары деңгейде қорғай алады

2019 жылдың 23 сәуір 2019 14:55

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әлемдік дипломатияның қыр-сырын жақсы меңгерген Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның мүддесін жаһандық ауқымда ең жоғары деңгейде қорғай алады. Осындай пікірді ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы басшысының орынбасары, IT-маман, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы Нұржан Жолдыбалинов білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өзім де «Nur Otan» партиясының мүшесімін. Қасым-Жомарт Кемелұлының Президенттікке ұсынылуын қолдаймын. Себебі, Қасым-Жомарт Тоқаев елдің сыртқы саясатын екі рет басқарған тәжірибелі дипломат. Әлемдік дипломатияның қыр-сырын жақсы меңгергендіктен, менің ойымша, Қазақстанның мүддесін жаһандық ауқымда ең жоғары деңгейде қорғай алады. Шынымды айтсам, Қасым-Жомарт Кемелұлы бұрыннан бері ұнамды саясаткерлердің бірі. Өте білімді адам. Полиглот - өз тілінен басқа орыс, ағылшын, қытай, француз тілдерін біледі», - деді Нұржан Жолдыбалинов.

Еске сала кетсек, бүгін «Nur Otan» партиясының кезектен тыс съезінде алдағы президенттік сайлауға партия атынан қатысатын үміткер ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасы бекітілді.

Өз кезегінде Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы сайлауға кандидат ретінде қатысатынын мәлім етті.

Жоғары қарай