Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 376.42
EUR 417.41
RUB 6.09
CNY 54.54

Одесса колледжіндегі өрт: Владимир Зеленский 8 желтоқсанды қаралы күн деп жариялады

2019 жылдың 8 желтоқсан 2019 11:30

КИЕВ. УКРИНФОРМ-ҚазАқпарат – Украина Президенті Владимир Зеленский адам өліміне алып келген Одесса колледжінде болған өртке байланысты 2019 жылдың 8 желтоқсанын елде қаралы күн деп жариялау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Укринформ-ға сілтеме жасап.

«Бүкіл Украинада аза тұту күнінде: мемлекеттік органдардың, жергілікті билік органдарының, мемлекеттік кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың үйлерінде және ғимараттарында Украинаның Мемлекеттік Туы түсірілсін; ойын-сауық және концерттік шаралардан бас тартылсын, теледидар мен радио бағдарламаларына тиісті өзгерістер енгізілсін», - делінген Президент Жарлығында.

Владимир Зеленский бұл шешіміне Facebook-те пікір қалдырды.

«Осы қайғылы оқиға барлық шенеуніктер, басшылар, барлық Украина азаматтары үшін сабақ болсын. Өмір - әрқайсымыздың қолымызда бар ең құнды нәрсе. Адам өмірі - бұл елдің ең басты құндылығы. Олардың өмірін сақтау - мемлекеттің бірінші кезектегі міндеті. Адамдар майданда жан қиып жатса ауыр дейміз. Ал бейбіт қалада, біреудің қателіктері немесе немқұрайдылық салдарынан адамдардың қайтыс болуы екі есе ауыр», - деп атап өтті мемлекет басшысы.

Еске сала кетейік, 4 желтоқсанда Одессаның Экономика, құқық және қонақ үй мен мейрамхана бизнесі колледжінде өрт болды. Қазіргі уақытта өрттен жеті адамның қаза тапқаны белгілі болды.

Басты сөздер: Оқиға, Әлем,
Жоғары қарай