Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Оқушыға қол көтерген қостанайлық мұғалімге қатысты іс қозғалды

2019 жылдың 6 қыркүйек 2019 20:02

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанайдағы мектептердің бірінің мұғаліміне қатысты әкімшілік іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бұл дерек Қостанай қаласының полиция басқармасында тіркелді. Мұғалімге қатысты ҚР ӘҚБК 73-2 бабы «Дене жарақатын салу» бойынша әкімшілік іс қозғалды» делінген ведомство хабарламасында.

Іс деректеріне сүйенсек, Қостанай тұрғыны 5-сыныпта оқитын қызын сабақ уақытында мұғалімнің ұрғанын айтып, полицияға жүгінген. Қазір оқиғаның нақты себептері анықталып жатыр.

Жоғары қарай