Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Ольга Рыпакова жүлдесі үшін өткен халықаралық турнирдің жеңімпаздары белгілі болды

2019 жылдың 20 қаңтар 2019 13:02

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ольга Рыпакованың жүлдесі үшін Өскемендегі «Ольга Рыпакова» жеңіл атлетика кешенінде өткен V Халықаралық турнирде 9 елдің 102 атлеті күш сынасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат altaynews.kz-ке сілтеме жасап.

Ерлер арасында 60 метрге жүгіруден Украина спортшысы Сергей Шмелик алтын медаль алды. Қазақстандық Александр Каспер күміс, Түркия өкілі Озкан Ертан қола медальды қанағат тұтты.


400 метрге жүгіруден қазақстандық Михаил Литвин 46,26 секунд көрсеткішімен ұлттық рекорд орнатты.

800 метрге жүгіруден өзбек спортшысы Хуржид Ахмадалиев бірінші келді.

3000 метрге жүгіруден қазақстандық Шадырақ Қимутай мен Саид Сүлейменов және қырғызстандық атлет Данияр Арыпбеков өзгелерден озып шықты.

Қазақстандық спортшылар сырықпен секіруден де тамаша нәтиже көрсетті. Данил Полянский мен Сергей Григорьев бірінші және екінші орындарды иеленді, үшінші орын украин Илья Кравченкоға бұйырды.

60 метрге кедергілер арқылы жүгіруден украин спортшысы Богдан Чорномазға ешкім бәсекелес бола алмады. Қазақстандық Давид Ефремов пен Вячеслав Земс кейінгі орындарды иеленді.

Үш қарғып секіруден 1-орын Арменияның атлеті Левон Агасянға бұйырды. Түрік спортшысы Озупек Кан екінші, Беларусь өкілі Дмитрий Платницкий үшінші болды.

Ұзындыққа секіруден түрік спортшылары Демир Муамер мен Альпер Кулакзир көш бастады. Қазақстандық Ринат Қайсаров үшінші орынды қанағат тұтты.


Әйелдер арасында 60 метрге жүгіруден Ольга Сафронова (Қазақстан) - бірінші, Анна Буланова (Қырғызстан) - екінші, Римма Кашафутдинова (Қазақстан) - үшінші.

Ал 400 метрге спринт жарысында Елена Михина, Светлана Голендова ( екеуі де - Қазақстан) және Кристина Пронченконың (Тәжікстан) мерейі үстем болды.

60 метрге кедергі арқылы жүгіруден Анна Чубковцова (Украина), Екатерина Поплавская (Беларусь), Әйгерім Шыназбекова (Қазақстан) өзгелерден озық келді.

Сафина Садуллаева, Надия Дусанова (екеуі де - Өзбекстан), Надежда Дубовицкая (Қазақстан) биіктікке секіруден үздіктер тобынан көрінсе, сырықпен секіруден Полина Иванова (ұлттық рекорд, 3,90 м), Ярослава Вислобокова, Яна Тойбаеваның (барлығы - Қазақстан) мерейі үстем болды.

Үш қарғып секіруден Ирина Эктова, Екатерина Эктова, Мария Овчинникова (барлығы - Қазақстан) жүлдегер атанды.

Ал 4х200 метрге эстафета жарысында бірінші және екінші орындарды Қазақстан командалары иеленді, үшінші және төртінші орын аралас командаларға бұйырды.

Жарыс жүлдегерлерін облыс әкімі Даниал Ахметов марапаттады.







Жоғары қарай