Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 443.50
EUR 479.47
RUB 5.79
CNY 62.51

Олимпиадаға дайындықты бастаймын - Азия чемпионы атанған семейлік балуан

2020 жылдың 27 ақпан 2020 22:32

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Еркін күрестен екі дүркін Азия чемпионы атанған Данияр Қайсановты жерлестері Семей әуежайынан қарсы алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Үндістан астанасы Нью-Делиде 74 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Д. Қайсанов қарсылас шақ келтірмеген болатын.

Бүгін көк туымызды желбіреткен балуан елге оралды. Әуежайда оны жерлестері, туған-туысқандары мен достары құшақ жая қарсы алды.

«Отандастарымның үмітін ақтағаныма бек қуаныштымын. Осындай сәттер үшін аянбай тер төгу тұрарлық іс. Қысқа мерзімдік демалыстан кейін Олимпиада ойындарына дайындала бастаймын», – дейді чемпион.


Жоғары қарай