Ауа райы
Нұр-Сұлтан 10 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 382.38
EUR 428.30
RUB 5.97
CNY 55.39

Өмір сапасы бойынша әлемдегі үздік қалалар аталды

2019 жылдың 13 наурыз 2019 18:15 880

АСТАНА. ҚазАқпарат - Аустрия астанасы - Вена он жыл қатарынан өмір сапасы бойынша үздік қала атанып келеді. Әлемнің 231 қаласы кірген рейтингті Mercer халықаралық консалтингтік ұйымы жасаған. Ол 13 наурызда компанияның сайтында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мамандар тізімді жасау кезінде қала көлігі, білім сапасы, баспана сапасы, медициналық қызмет көрсету, мәдени өмір, саяси және экономикалық тұрақтылық сияқты факторларды талдады.

Екінші орында Цюрих (Швейцария) тұр.Үшінші орынды Ванкувер (Канада), Мюнхен (Германия) және Окленд (Жаңа Зеландия) бөліскен. Олардан кейін Дюссельдорф пен Франкфурт (Германия), Копенгаген (Дания), Женева мен Базель (Швейцария) бар.

Рейтингтің соңында Хартум (Судан), Порт-о-Пренс (Гаити), Сана (Йемен) мен Банги (ОАР) орналасқан. Соңғы орында  Бағдат (Ирак) тұр. 

 

 

Басты сөздер: Әлем, Экономика,
Жоғары қарай