Ауа райы
Астана -20 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 387.14
EUR 428.18
RUB 6.06
CNY 55.23

Өмірзақ Шөкеев бастаған арнайы комиссия Арыстағы әскери бөлімге аттанды

2019 жылдың 24 маусым 2019 11:47

АРЫС. ҚазАқпарат -Түркістан облысы Арыс қаласындағы әскери бөлім аумағындағы жарылысқа байланысты аймақ басшысы Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен арнайы комиссия құрылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«24 маусым сағат 09:20-да өрт сөндіру қызметіне №44856 әскери бөлімнің қоймасында жарылыс болып, өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына облыстық ТЖД жеке құрамының 52 адамы мен 12 техникасы жұмылдырылды. Сондай-ақ Шымкенттегі кинологиялық қызметтің 23 адамы аттандырылды. Қазіргі таңда оқиға орнында өрт сөндіру шаралары мен эвакуациялық жұмыстар жүргізілуде. Төтенше жағдайдан зардап шеккендер туралы ақпарат анықталуда», - делінген Арыс қаласы әкімдігінің ресми мәліметінде.

Осы жағдайға байланысты Түркістан облысы әкімдігінің басшылық құрамы оқиға орнына аттанып кетті.

Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында жарылыс болғандығы туралы бұған дейін хабарланды. Шымкент қалалық ТЖД шұғыл желі құрды.

ҚР Қорғаныс министрлігі ресми ақпарат таратып, осы уақыттағы жағдай бойынша қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқтығын мәлім етті. «Министрлік тарапынан оқиға орнына арнайы комиссия жөнелтілді», - деді ведомстводан.

Жоғары қарай