Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 386.70
EUR 427.15
RUB 6.06
CNY 54.57

Ондай қоңыраулардың болғанын жасырмаймыз – Абаев шенеуніктердің БАҚ-қа қысымы жайлы

2019 жылдың 23 тамыз 2019 16:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Елбасының БАҚ пен шенеуніктер арасындағы қатынастарына қатысты сөзіне пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Телефон қоңыраулары» туралы: біз белгілі бір талдау жұмыстарын жүргіземіз. Бас редакторлармен бәлкім бірігіп, қанша қоңыраудың келгенін айқындау керек болар. Біз мұндай жағдайлардың қалайда болғанын жасырмаймыз. Десе де, қоңыраулардың көбі мемлеке т тік органдардың позициясын түсіндіруге қатысты болғанына шүбә келтірмеймін. Демек, кейде журналистер кемшілікке немесе қателікке жол беруі мүмкін. Тиісінше, мемлекеттік органдар оларға хабарласып, түсіндіруі, пысықтауы ықтимал. Елбасы да, Мемлекет басшысы да атап өткендей, біздің елдің дамуы еркін БАҚ-сыз мүмкін емес. Дәл тілшілер – мемлекеттік органдар назар аударуы тиіс мәселелерді меңзейтін мамандар болып саналады», - деді Дәурен Абаев Үкіметтің баспасөз орталығында.

Еске сала кетсек, шенеуніктердің БАҚ редакторларына қысым көрсететінін « Nur Otan » партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев атап өткен болатын.

«Дәстүрлі БАҚ позициясынан айырылып барады. Дәурен Абаев осы мәселе бойынша ойланып, жұмыс жүргізуі керек. Телефондық құқық болмауы тиіс. Шенеуніктер редакторларға қысым көрсетеді. Әртүрлі жолдармен сыни материалдардың жолын кеседі. Осыдан кейін қоғамдық санада балама шынайылық қалыптасады. «Nur Otan» сол себепті, өзінің ақпараттық стратегиясын қайта қарауы керек. Партиялық БАҚ шынайы әрі жедел ақпараттың көзіне айналып, оза жұмыс жүргізуі тиіс. Ең дарынды адамдарды тартып, тиісті айлық төленуі керек», - деді Елбасы.

Жоғары қарай